Commons:Wiki Loves Earth 2023/Rules/kk

From Wikimedia Commons, the free media repository
Jump to navigation Jump to search
This page is a translated version of a page Commons:Wiki Loves Earth 2023/Rules and the translation is 96% complete. Changes to the translation template, respectively the source language can be submitted through Commons:Wiki Loves Earth 2023/Rules and have to be approved by a translation administrator.


Уики Жерді сүйеді 2023

 

Қатысушы елдер

 

Ережелер және ЖҚС

 

Ұйымдастыру

 

Жеңімпаздар

 

Байланыс

 

Report

Уики Жерді Сүйеді 2023 байқауының халықаралық бөлігінің ережелер жинағы. Жергілікті командалардың өз ережелері болуы мүмкін, бірақ халықаралық турға өтінімдер осы ережелерге сәйкес болуы керек.

Ережелер

Уики Жерді Сүйеді байқауына қатысу үшін мыналар қажет:

  • Өзіңіз түсірген фотосурет болуы тиісті
    Барлық жазбалар авторлары жүктеген түпнұсқа фотосуреттер болуы керек. Автордан басқа кез келген адам жүктеген фотосуреттер (тіпті Wikimedia Commons ережелеріне сәйкес тиісті рұқсат болса да) қабылданбайды.
  • Фотосуреттер байқау кезеңінде өзіңіз жүктеп салунуы тиісті;
    Сондай-ақ, сіз бұрын түсірген фотосуреттерді жібере аласыз. Ең бастысы, фотосуреттер байқау кезеңінде жүктелуі керек (әр елдің мамырдан шілдеге дейінгі жалпы уақыт аралығы немесе осы айларға жақын уақыт кестелері бар).
  • Тегін лицензия болу тиісті;
  • Анықталған табиғи ескерткішті / табиғи саябақты / ерекше қорғалатын аумақты және т.б. қамтиды;
    Lists of eligible sites are published by each participating country. Photos of representative species (animals, plants, etc.) taken in an eligible site also qualify if they are properly identified;
    Фотосуреттерде координаттардың болуы және онда суреттелген аумақтың толық сипаттамасы болуы керек.[1]
  • Ұлттық конкурс арқылы ұсынылуы;
  • Кемінде 2 мегапиксель болуы керек[2]
  • Қатысушының тіркелгінің Параметрлер арқылы активациядан өткен электрондық поштасы болуы керек.

Өзгерістер

Қажет болса, ережелерді халықаралық топ бейімдей алады. Талқылаулар мына жерде: Commons_talk:Wiki_Loves_Earth_2023/Rules.

Жиі Қойылатын Сұрақтар

  • COVID-19 таралуына байланысты байқауға суретке түсу үшін табиғи мұра нысандарына кіру мүмкіндігім шектеулі, не істеу керек?
Бар суреттеріңізді жүктеп салуды ұсынамыз. Еліңізде енгізілген шектеулерді сақтай отырып, аман және сау болыңыз. Әлемдік денсаулық жағдайына біздің жауапты оқыңыз.
  • Мен жібере алатын фотосуреттер санына шектеу бар ма?
Жоқ, сіз қалағаныңызша жібере аласыз. Кейбір адамдар жүздеген аумақтардын фотосуреттерін жүктеп жатыр. Дегенмен, ұтып алу мүмкіндігін арттыру үшін ең сапалы фотосуреттеріңізді жүктеп салуды ұсынамыз.
  • Фотосуреттерді жібермес бұрын өңдеу үшін Photoshop немесе ұқсас бағдарламаны пайдалана аламын ба?
Иә. Фотосуреттерді кез келген бағдарламалық құрал арқылы өңдеуге болады. Бірақ шамадан тыс өңдеуден аулақ болыңыз: бұл компьютерлік өнер емес, фотосуреттер байқауы.
  • Сурет өлшеміне қатысты қандай нұсқаулар бар?
Мүмкіндігінше үлкен кескіндерді жіберіңіз және «веб үшін кішірейтпеңіз». Біз басып шығаруды қоса алғанда, көптеген мақсаттар үшін жоғары ажыратымдылықтағы кескіндерді бағалаймыз. Ұлттық байқауға 2 мегапиксельден төмен кескіндер қабылдануы мүмкін, бірақ олар жүлделік орындарга қарастырылмайды, өйткені олар үлкенірек өлшемдерде, әсіресе баспада қолдануға жарамсыз. Біз сізбен байланысып үлкенірек ажыратымдылықтағы фотосуреттерді жіберуіңізді сұрамайтынымызды ескеріңіз.
  • Суреттері жоқ мақалаға фотосуретімді қосу үшін Уикипедияны өзім өңдей аламын ба?
Иә, оған қуанамыз! Байқау жазбаңыз Wikimedia Commons сайтында бар болғандықтан, оны бетке фотосуретті ендіру арқылы Уикипедияда оңай қайта пайдалануға болады.
  • Мен әлемдегі ең жақсы фотограф емеспін. Менің суреттерімді әлі де қалайсыз ба?
Иә, өтінеміз! Тіпті халықаралық байқауда жеңіске жетпесе де, сіздің үлесіңіз жергілікті орта мен табиғи мұраны құжаттауға көмектескеніңізді және суреттеріңізді болашақ ұрпақтар үшін еркін қол жетімді еткеніңізді білуге қанағат келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, кейбір жергілікті ұйымдастырушылар жүктеп салынған фотосуреттердің ең көп саны үшін арнайы номинациялар және/немесе сыйлықтар ұсына алады.
  • Аудандар тым үлкен, қайсы бірін суретке түсіруім кажет?
Ең пайдалы суреттер - кең көріністер мен репрезентативті биотоптар. Сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтарда түсірілген өкілді немесе сирек кездесетін түрлердің (жануарлар, өсімдіктер және т.б.) фотосуреттерін жіберуге болады, бірақ бұл фотосуреттер дұрыс сәйкестендірілуі керек. Егер сіз осындай фотосуреттерді жіберсеңіз, суреттің табиғи қорықта (біреудің балконында емес) түсірілгенін білу үшін оларды сипаттау керек.
  • Жергілікті конкурстарда координаттары жоқ фотосуреттерді қабылдай аламыз ба?
Иә, координаттары жоқ фотосуреттер жергілікті байқауға қабылдануы мүмкін, бірақ мұндай фотосурет халықаралық бөлімге ұсынылса, автор немесе ұйымдастырушы топ координаттарды қосуы керек, әйтпесе мұндай фотосуреттер дисквалификациялануы мүмкін. Кейде мұны істеу оңай (егер ол әйгілі және танымал орын болса), бірақ бұл әрдайым бола бермейді. Дегенмен, координаттарсыз, халықаралық команда барлық суреттерді дер кезінде тексеріп, суреттің байқау талаптарына сәйкес келетінін тексере алмайды.
  • Менің камерам координаттарды автоматты түрде салмайды
Біз (уикипедиялықтар ретінде) суретте нақты орналасқан жерді көрсеткіміз келсе де, бұл әрқашан орындала бермейтінін түсінеміз: мысалы, кейбір сапардан қалған жалғыз басып шығарылған фотосуретті оңай сканерлеуге болады, немесе ескі құрылғыға түсірілген фотосуреттер болуы мүмкін. Бұл жағдайда бөліктің немесе қорғалатын аумақтың координаталарын қосу керек (бұл әдетте оның орталығы болады).
  • Егер менде координаталар жойылып кету қаупі төнген түрлер үшін зиянды болуы мүмкін деп алаңдасам, не істеуім керек?
Егер координаттарды алып тастау жойылып бара жатқан түрлерді қорғау үшін керек болса, жергілікті ұйымдастырушылар құпия ақпарат пен дәлелдемелерді халықаралық топқа wle-team@wikimedia.org.ua арқылы жіберуі керек.
  • Кейбір аймақтарға кіру ақысы болса, не істейміз?
Кіру ақысы бар аймақтағы фотосуреттер барлық басқа фотосуреттермен бірдей қарастырылады. Біз біреуді суретке түсіру мүмкіндігі үшін ақша төлеуге мәжбүрлемейміз. Керісінше, кіру ақысын төлейтін адамдар мұны бәрібір жасайды, біз оларды сол жерде суретке түсуге шақырамыз.
  • Флора, фауна немесе басқа табиғи нысандардың (мысалы, үңгірлер мен жағажайлар) фотосуреттері байқауға жарамды ма?
Бұл табиғи нысандар табиғи мұра нысандарының экожүйелерінің маңызды бөлігі болып табылады. Егер олар қорғалған аумақта түсірілген болса, олардың фотосуреттерін жүктеп салуды ұсынамыз. Белгілі бір аймақтың ортақ өкілін бейнелейтін, түр анықталған және координаттарды қамтитын фотосуретіңіздің жеңіске жету ықтималдығы жоғары болатынын ескеріңіз.
  • Фотосуреттеріме су таңбасын қоюға болады ма?
Су таңбалары бар фотосуреттерге ережелер тыйым салмайды, бірақ жеңіске жету мүмкіндігі төмен. Жеңімпаз деп таңдалған жағдайда, суретіңізді су белгісінсіз қайта жүктеп салу сұралуы мүмкін екенін ескеріңіз. Commons жүйесінде су белгілерін пайдалану туралы қосымша ақпаратты мына жерден табыңыз.
  • Бұрынғы қорғалған аумақтардын фотосуреттері байқауға жарамды ма?
Бұрынғы табиғи мұра аумақтарын жарамды нысандар тізіміне енгізу туралы шешім жергілікті ұйымдастырушылар қабылдайды. Әрбір қатысушы ел жариялаған тізімдерді тексеріңіз. WLE халықаралық командасының бұған қарсылығы жоқ, өйткені WLE миссиясы табиғатқа және оны қорғаудың маңыздылығына назар аударту, қорғалатын табиғи аумақтардың (соның ішінде бұрын мұндай мәртебеге ие болғандарды қоса) фотосуреттерінің тегін дерекқорын құруға көмектесу болып табылады.
  • Менің қанша фотосуретім халықаралық деңгейде жеңіске жете алады?
Халықаралық деңгейде бір автордың екі фотосуреті үздік 20-ға іріктелетін болады. Біздің мақсатымыз жеңімпаз суреттерді әртараптандыру және әртүрлі аймақтар мен авторлардың табиғи ескерткіштерін көбірек көрсету болғандықтан, биыл біз бұл шектеуді қойдық.

Ескертпелер

  1. Бұл міндетті емес, бірақ фотосуретте қорғалған аумақты бейнелейді ме, жоқ па деген күмән туындаған жағдайда координаттар пайдалы болады.
  2. Бұл ең төменгі шек, жоғарырақ ажыратымдылықтағы фотосуреттер құпталады.